КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Балуан Шолақтың 150 жылдығы мен қазақтың дәстүрлі әндерін насихаттауға арналған аймақтық гала-концерт өтіп жатыр.
Кешке еліміздің жеті облысынан келген 22 әнші қатысып, өнерлерін көрсетіп жатыр. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар арқадағы ән әлеміндегі айшықты жұлдыздар Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Ақан серінің әндерімен қатар, Балуан Шолақтың бір әнін міндетті түрде айтулары керек.
Түске дейін іріктеу туры өтіп, онда ең үздік 14 әнші таңдалып алынды. Жеңімпаздарға үш жүлделі орын тағайындалып отыр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.