КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 2 әйел жүк автокөлігінің астына түсіп, опат болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай бүгін 17 қараша күні сағат 11:00 минут шамасында Көкшетау қаласында Ысмайылов көшесінің бойында орын алған.
«Артқа жүрмек болған «КамАЗ» көлігінің астына 2 әйел түсіп, оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда опат болған әйелдер мас болған көрінеді. Қазіргі кезде, жүк көлігінің 1963 жылғы жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде», - деп көрсетілген хабарламада.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.