Көкшетауда қаржы саласының үздіктері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ұлттық валюта -Теңге күніне орай бірқатар сала қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан тарихында маңызды атаулы күнге арналып облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында өткен басқосуға өңірдегі барлық қаржы саласының басшылары мен мамандары жиналды. Шараға қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отырғанын, осы орайда, талап күшейіп, біліктілік қажет болатынын, алда жауапты жұмыстар күтіп тұрғанын айта келе, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына қаржыгерлер өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар шара барысында өңірдің өсіп-өркендеуінде өзіндік үлес қосып жүрген бір топ мамандық иелері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.