КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Кеше Ақмола облысында болған қатты жел Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің мұнарасын жұлып әкетті.
Бұл туралы бізге "тек дүйсенбі күні аталған мешіттің наиб имамы Темірбек Бекмағамбетовтен біле аласындар", деп Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің қызметкерлері сұхбат беруден бас тартты.
Еске сала кетсек, сәуірдің 26 күні болған дүлей жел Ақмола облысындағы ғимараттарды киратып қана қоймай, адам шығын да әкелген болатын.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.