Соған орай дайындық жұмыстары қызу қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінен алынған мәліметтерге сәйкес, бұл күні сан алуан мерекелік шаралар, концерттік бағдарламалар, спорт сайыстары, көрмелер мен байқаулар өткізілетін болады. Мейрамның басты ұйытқысы Қазақстан халқы Ассамблеясы болмақ. Соған орай «Біз Қазақстан балаларымыз», «Жастар-Қазақстанның бірлігі жолында» тақырыбында жиындар өткізіліп, «Туған жерім-алтын бесігім» фотосуреттер көрмесі жұртшылық назарына ұсынылады. «Тәуелсіздік» алаңында Қазақстан халықтары Достық фестивалі аясында «Халық бірлігі-ел тірлігі» концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым жалғасын табады. Бұл күні әр ұлттық мәдени орталықтар өз мәдениетін, салт-дәстүрін, дастархан мәзірін көпшілік алдына жайып салмақ.