Департамент өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиға 25 маусым күні Чкалов және Әуелбеков көшелерінің қиылысында болған.
«Көлік жаяу жүргіншілер жолағының бір жағынан келе жатқан әйелді жіберген. Оған қарама-қарсы жақтан келе жатқан жаяу жүргіншіні байқамай, қағып кеткен, соның салдарынан жәбірленушінің қолына зақым келген», - дейді ведомство өкілдері.
Олардың айтуынша, рульде мемлекеттік қызметкер емес, жалдамалы жүргізуші болған. Ол өз айыбын мойындап, жәбірленушінің емделуіне қаржылай көмектесіп жатыр. Жәбірленуші жүргізушіге ешқандай шағымы жоқ екенін білдірген.