Көкшетауда суицид жасаған бойжеткеннің өліміне байланыс қылмыстық іс қозғалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда суицидке барған қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА-ның тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Көкшетаудағы «Сұңқар» шағын ауданында  20 жастағы студент қыз 9 қабаттан секіріп кеткен болатын.

Кейін белгілі болғандай, бойжеткен Көкшетаудағы жоғары оқу орындарының бірінде оқыған. Оның денесін сол үйде тұратын әйел көрген. Полицияны шақырған да сол әйел. Қыздың аталған үйдің шатырына шыққандағы аяқ киімінің ізі қалған. Оның тоғызыншы қабаттан өзі секіріп кетуі мүмкін. Полицейлер  қыздың толыққанды отбасынан екенін жəне олармен  ренжіспегенін айтуда. Сонымен қатар, бойжеткен өлер алдында хат та қалдырмаған.

Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде.