Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі, облыстық маслихат депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың секторлары, кәсіподақ ұйымдары, білім, мәдениет, бизнес құрылымы саласының қызметкерлері, қалалар мен аудандардың делегациялары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - әлеуметтік модернизация мен халықаралық интеграция процесінде қазақстандық үкіметтік емес секторларын тиімді қатысуын қамтамасыз ету, институциалды және ұйымдастыру құрылымын, құқықтық базаны жетілдіру сұрақтары бойынша жалпы ұлттық өркендету диологының келешегі.
Форум барысында облыс әкімі Қ. Айтмұхаметов - «Облыс аумағында мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен қарым-қатынасты жетілдіруге және азаматтық белсенділікті қолдауға барлық жағдайлар жасалған. Облыс бюджетінен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру мөлшері 70%-ға өсіп, ол 84 млн. теңгені құрады. Болашақта бұл қарқын сақталып тұрады» - деп баяндады өз сөзінде.
Іс-шара барысында форум қатысушыларының назарына Ақмола облысы үкіметтік емес ұйымдар қызметінің әлеуметтік жобалар көрмесі ұсынылды. Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары Азаматтық қоғамның және аймақтағы демократиялық процестерді дамытуға орасан үлес қосқаны үшін Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шараның жалпы отырысының аяқталу кезеңінде Републикалық VІ Азаматтық Форумға облыс атынан қатысатын өкілдер аталды.
Форум шеңберінде Ақмола облысы М.Жұмабаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында ҮЕҰ қатысуымен «Қоғамдық мониторинг жүйесін жетілдіру», «ҮЕҰ жергілікті өзін-өзі басқару саласында аймақтық жетілдіруге қатысуы», «Арнайы әлеуметтік көмек көрсету» тақырыбтары бойынша үш сұхбатты алаңшалар жұмысы ұйымдастырылды.
Секциялардың қорытындысы бойынша форум жұмысының қарары қабылданды.