Көкшетауда жәрмеңкеде 600 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда жалпы сомасы 121,1 млн теңгенің 561,5 тонна өнімі саудаланды.

Жәрмеңкеге Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Шортанды ауданы мен Көкшетау қаласының кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары 48 түрлі өнім ұсынды. Сонымен қатар, Аршалы ауданынан «Ижевский» ҚК, Бурабай ауданынан «Береке Агро» ЖШС, Еңбекшілдер ауданынан «ҚазГер Құс» ЖШС, Целиноград ауданына «Capital Project Ltd» ЖШС-лары арнайы шақырылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 76,8 тонна ет және шұжық өнімдері, 1,7 тонна балық, 265 мың дана жұмыртқа, 18,2 тонна сүт және сүт өнімдері сатылды. Сонымен қатар, көктемде солтүстік өңірде тапшылығы байқалатын көкөніс өнімдері де қала тұрғындарына арзан бағамен ұсынылды. 35,5 тонна картоп, 45,2 тонна көкөніс сатылды. Сондай-ақ 5,3 тонна қант пен 16,5 мың литр өсімдік майы жәрмеңкеге шығарылды.