Көкшетауда биыл 14, 15 қаңтарда қаланың ЖШС-ларының бірінің қоймасынан кондитерлік өнімдер ұрланған.
Көкшетау қаласы ІІБ кезекші бөліміне қала ЖШС-ларның бірінің 46 жастағы директоры жүгінген. Ол қоймасынан сомасы 1 млн 200 мың теңгелік өнімнің ұрланғанын мәлімдеген.
Іздестіру барысында осы қоймада жұмыс істейтін 25 жастағы жүк тасушы ұсталды. Ол тәттілерді үстеме бағамен сатуды жоспарлаған.
ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Санкция үш мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не бес жылға дейін бас бостандығынан айыру не мүлкін тәркілей отырып, сонша жылға бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Облыстың ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.