Көктайғақ салдарынан Астанадан Қарағанды мен Павлодарға шығатын жолдарда қозғалыс тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 наурызда сағат 20:40-тан бастап ауа райының нашарлауына «көктайғақ) байланысты «Астана-Қарағанды күре жолының учаскесінде қоғамдық және жүк көліктері үшін жол жабылды.

Сондай-ақ 22:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) «Астана-Паводар» күре жолының учаскесінде қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Жолдағы жағдайлар туралы ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.