Көктайғақ, жаяу бұрқасын: бейсенбіде күн райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 3 қарашада атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық аумағында құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Республика бойынша тұман, екпінді жел болжанады. Елдің батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде, батысы мен орталығында көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.