Көктайғаққа байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды - Төтенше жағдайлар министрлігі

None
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Көктайғаққа байланысты Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар қоғамдық көліктердің барлық түрлері үшін жабылды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Хабарламада, «көктайғаққа байланысты жол полициясының қызметкерлері кеше сағат 10.30-дан бастап, қоғамдық көліктердің барлық түрлері үшін Астана қаласынан шығатын барлық бағыттағы тас жолдарды жапты», деп атап көрсетілген.

Осыған байланысты ведомство «барлық автоәуесқойлардың қала сыртына шықпауын» сұрайды.