Көктайғаққа байланысты Қарағанды облысы аумағындағы республикалық жол жабылды

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысы аумағындағы жаңбырдың салдарынан республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, көктайғаққа байланысты бүгін таңғы сағат 5-тен бастап «Қызылорда-Павлодар» автожолының 433-749 шақырымы аралығындағы «Жезқазған-Атасу» жолы барлық автокөліктер үшін жабылды.