Осы көктемге әскер қатарына қабылдау барысында Қазақстан әскери қатарына Солтүстік Қазақстан облысынан 700-ден астам азамат барады.
Әскерге шақырумен қатар жас жігіттерді еліміздегі жоғары әскери оқу орындарына іріктеу жұмысы атқарылады. Әскери ЖОО-ларға 100-ге жуық азаматты жіберу көзделіп отыр.
СҚО-дан әскерге қабылданғандардың алғашқы легі 20 сәуір күні кетеді, ал көктемгі әскерге шақыру маусым айының ортасына дейін жалғасады.