Көктемгі егістікке дайындық аяқталды ? Семей

СЕМЕЙ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Көктемгі дала жұмыстары Семей өңірінде сәуірдің соңына таман аяқталады. Дәнді дақылдар мен көкөніс биылғы жылы 1 400 гектарға ұлғайтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша, 2009 жылы аймақ үшін егістікке 800 гектар, картопқа ? 3 000 гектар жер бөлінді. Көкөніс жалпы көлемі 1 000 гектар алқапқа егіледі.Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаны қолдау ауқымында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 100 тонна жанар-жағармай бөлінді, мұның барлығы да төмендетілген бағамен таратылатын болады.