Көктемгі су тасқынына күні бұрын қамдану қажет - Н.Ноғаев, БҚО

ОРАЛ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Көктемгі су тасқынына күні бұрын қамдану қажет. Бұл туралы 28 қаңтар күні облыс активінің жиналысында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Қар шығару жұмыстарына кәсіпорын, мекемелермен қатар тұрғындар да атсалысуы керек. Әркім өз ауласындағы қардан арылуы қажет. Бұрынғыдай үйімді су басса, пәтер береді екен дегенді қойған жөн. Енді олай болмайды. Қазір қар өткен жылғыдан көп емес. Дегенмен ауа райын болжаушылардың мәліметіне қарағанда, ақпан, наурыз айларында ылғалдың мол түсуі ықтимал. Сондықтан күштің бәрін тасқынның алдын алуға жұмылдыру керек», деді әкім.