«Көктөбеде шыққан өртті сөндіріп жатырмыз. Желмен өрт шыққан жердің биікте және жолдардан алыс болуы жағдайды қиындатып отыр.30 адам мен 6 техника жалынды ауыздықтауға жұмылдырылған», - деді СерікӘубәкіров facebook парақшасында.
Сондақ-ақ, өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады. «Жалынмен күреске су шашатын құрылғылары бар 2тікұшақ тартылды: ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның КА-32 және Алматы қалалық Құтқаруқызметінің МИ-8МТВ-1 тікұшақтары», - деді ол.
Бұған дейінКөктөбенің өртеніп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.