«Әлеуметтік желіде қол шамына жасырынған бомбалардың көшелерде тасталғандығы туралы ақпарат таралуда. Белгісіз адам ресми дереккөзіне сүйене отырып, қол шамдарының жарылу қаупі бар элементтермен жабдықталғандығын айтуда. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екендігін мәлімдейді. Арандатушылар анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деп жазды Алмас Садубаев.
Сонымен қатар ол Қазақстан азаматтарын дүрбелеңге түспеуге және қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтап, көшедегі, қоғамдық көлік пен адамдар көп жиналатын орындағы күдік тудырған адамдар мен заттар жайында полицияға жедел хабар беруге шақырады.