Қолайсыз ауа райына байланысты Семей мектептерінде сабақтар тоқтатылды

ӨСКЕМЕН. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қолайсыз метеожағдайларға байланысты Семей қаласының білім беру ұйымдарында

бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.

Қазір Семейде -7 градус аяз, оңтүстік-шығыстан қатты жел соғып, жаяу бұрқасын жүруде.

Онымен бірге ТЖ қызметтері 15-17 қаңтар аралығында ауа райының бұзылатындығы туралы ескерту жариялады. Өңір бойынша кей жерлерде қар жауып, қарлы бұрқасын болады, екпінді желдің жылдамдығы кей жерлерде 17-22 м/с-қа жетеді.