Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.
Заң құқық қорғау қызметі жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі Елбасының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында әзірленді және көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Осы Заңға сәйкес, бұдан былай көлік құралдарының техникалық байқауын жекеменшік орталықтар өткізетін болады. Мұндай орталықтарда стационарлық және көшпелі техникалық байқау желілері болуы шарт. Олар тежеуіш жүйесі мен рөл басқаруының, аспалы элементтердің тиімділігін, атмосфераға шығарылатын зиянды заттарды және тағы басқаларды автоматты түрде анықтап отырады.
Көлік құралдарын техникалық байқауға жіберуді Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық өкілетті органы жүзеге асырады.
Республикада техникалық байқау орталықтарының оңтайлы санын қалыптастыру үшін өтпелі кезең қарастырылған, осы кезеңде техникалық байқауды жекеменшік орталықтар да, сонымен бірге жол полициясы органдары да өткізеді.
Онымен бірге, техникалық байқаудан уақытылы өтуіне бақылауды бұрынғыша Ішкі істер министрлігі жүргізе беретін болады.