Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Көлік полициясының басшылығы полицейлердің жазғы киім формасына ауысу дайындықтарын тексерді. Байқауға қоғамдық қауіпсіздік, қылмыстық полиция бөлімдерінен, заңсыз көші-қонмен күрес, есірткі бизнесімен күрес басқармаларынан, штабтан, кадрлық жұмыстар басқармасынан және т.б. қызметтерден үш жүзге жуық қызметкер қатысты.
Байқаудан кейін департаменттің жеке құрамы жиналғандардың алдында саппен жүріп өтіп, тамаша дайындықтарын көрсетті.