Көп ұзамай ұрының «Алматы-Өскемен» күре жолында кетіп бара жатқаны анықталды.
«Жол полицейлері көлікті Қапшағай қаласының маңында тоқтатты. Ішінде отырған үш ер адам ұсталып, Іле АІІБ-не жеткізілді», - деп нақтылады полицияда.
Қазіргі кезде көлік құралын заңсыз иелену фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.