деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, аталмыш шараға
7,5 мыңнан астам тәртіп сақшысы тартылған. Операция нәтижесінде ұрланған 92 көлік иелеріне қайтарылды. Олардың 4-уі «Тойота Ленд Крузер Прадо», «Мицубиси Паджеро» сияқты өте қымбат саналатын көліктер. Сондай-ақ шара барысында 133 күдікті қолға түсіп, 7 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, 4 іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті.