Көлік және коммуникация министрлігі: Автожолшылар жыл қорытындысын шығарды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР көлік және коммуникация министрлігінде автомобиль жолдары саласының ағымдағы жылғы жұмыс қорытындысына арналған жиналыс болып өтті. Жиналысқа автомобиль жолдары комитетінің өңірлік құрылымдарының, «Қазавтожол» РМК, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, сонымен бірге «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының құрылысы мен басқаруын қадағалайтын мердігерлік ұйымдар мен компаниялардың қатысты, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиналысты ашқан көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов тәуелсіздік жылдары көлік секторы үшін, атап айтқанда автомобиль жолдары саласы үшін белсенді даму кезеңі болғанын атап өтті. Елбасының бұл салаға айрықша назар аударуының нәтижесінде 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды, алғашқы «Астана - Бурабай» автобаны үлкен қарқынмен салынып бітті, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта салу жобасына орасан инвестициялар тартылып, ол іске асырыла бастады. Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан Үкімет автомобиль жолдары саласына бөлінетін қаржы көлемін қысқартқан жоқ, қайта ұлғайта түсті. Тек қана биылғы жылғы қаржының көлемі 219 млрд. теңгеден астам болды, бұл салаға 2001 жылы бөлінген қаржы көлемінен 8 есе артық. Осы шаралардың арқасында 2001-2009 жылдары 32 мың км жол жөндеуге, республикалық дәрежедегі жолдардың 70 пайызын, жергілікті жолдардың 55 пайызын жақсартуға мүмкіндік берді.

Автомобиль жолдары саласының ағымдағы жылғы жұмыс қорытындылары туралы автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов баяндама жасады. Өз сөзінде ол биылғы жылы «Жол картасы» бағдарламасын қоса алғанда автомобиль жолдарына 219 млрд. 400 млн. теңге қаржы бөлінгендігін атап өтті. Бөлінген қаржы есебінен жалпы пайдаланымдағы 5 мың км автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айталық, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын атқаруға 149 млрд. 900 млн. теңге бөлініп, ол қаржы 600 км жолдың құрылысы мен қайта салынуына, сонымен қатар 874 км жолды күрделі және орташа жөндеуге жұмсалды.

Биылғы жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мега-жобасын іске асыру жөнінде кең ауқымды құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Бұл жоба үш қаржы көзі арқылы қаржыландырылады: займ қаражаты, республикалық бюджет және концессиялық негіздегі жеке меншік инвестициялары. Жобаны қаржыландырудың негізгі бөлігі 5 халықаралық қаржы институттары беретін сыртқы займдардан құралады. Бүгінгі таңға жалпы сомасы 3,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын Займ туралы 8 Келісімнің 6-ына қол қойылды, Азия Даму банкімен жасалған жалпы сомасы 397 млн. долларды құрайтын қалған 2 Келісімге кесте бойынша ағымдағы жылғы желтоқсан айында және 2011 жылғы І тоқсанда қол қою жоспарланған.

Биылғы жылы Жамбыл, Қызылорда және Ақтөбе облысында жалпы ұзақтығы 1367 км учаскелерде құрылыс жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан облысында ұзақтығы 252 км жолда жұмыс бастау жоспарлануда.

Ағымдағы жылғы құрылыс жұмыстарына 4 мыңнан астам жол-құрылысы техникасы, 26 асфальт-бетон және 8 цемент зауыттары, 24 ұнтақтағыш құрылғы жұмылдырылып, 30 мыңнан астам адам күші тартылды.

Ақтөбе облысында қайта салынуға тиісті 358 км жолдың 215 км жолындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, «Қарабұтақ-Ырғыз-Қызылорда облысының шекарасы» учаскесінде жол қозғалысы ашылды. Қызылорда облысында биылғы наурыз айынан бері 787 км жолда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Онда қазір 14 мердігер және 24 еншілес мердігер компаниялар жұмыс жасауда. Олар 2077 жол-құрылыс техникасын, 16 асфальт зауытын, 8 ұнтақтағыш құрылғыны жұмылдырған. Бұл облыста күн сайын жол құрылысы материалдары тиелген 180 темір жол вагондарын қабылдауда. Жыл аяғына дейін 195 км жолға асфальт төсеу жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта 6 мердігер компаниясы анықталған, контракттерге қол қойылған, техника мен персоналды жұмылдыру жұмыстары басталды.. Жамбыл облысында 263 км жолда жұмыстар жүргізілуде. Қалған 217 км жолды қайта салу Азия Даму банкінен займдардың 3-ші жіне 4-ші транштарын тартуға байланысты. Бұл учаскелердегі жұмыстар келесі жылғы бірінші және үшінші тоқсандарда басталады. Қазіргі уақытта займдар туралы келісімдерге қол қоюмен қатар мердігерлік компанияларды таңдау жөніндегі конкурстық ресімдермен қатар жүргізілуде. Бұл облыста 6 мердігерлік және 54 еншілес мердігерлік компаниялар жұмыс жасауда. 1477 техника, 8 цемент-бетон зауыты және 3 жаңак бетонтөсегіш жұмылдырылған. Еншілес алалармен қоса есептегенде 9788 адам тартылған. Бүгінгі күнге қалыңдығы 25 см 50 км цемент-бетон жамығысы, 17 км асфальт-бетон төсемі жасалып, төменгі қабат бойынша қозғалыс ашылды.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасымен қоса, халықаралық дәлізінде ұзақтығы 200 км учаскелерде құрылыс және қайта салу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс науқанында 1 млн. тонна қара қоспа төселді.

Үстіміздегі жылы өткен жылдарда салына бастаған 255 км автомобиль жолдары пайдалануға беріледі.

Ұзақтығы 83 км 17 нысанында 8,7 млрд. теңге сомасы көлеміндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы жұмыс комиссиясы өткен жылдардан бері жөнделіп жатқан жалпы ұзақтығы 125 км учаскесін қабылдады.

Орташа жөндеу жұмыстарына 3,8 млрд. теңге ақша бөлініп, 791 км автомобиль жолдары жөнделді.

Келісім бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін үстіміздегі жылы мердігерлік компанияларға сомасы 71 млн. теңге айыппұл санкциялары салынып (оның ішінде 47,1 млн, теңге - құрылыс және қайта салу, 18,6 млн. теңге - күрделі жөндеу, 4,9 млн. теңге - орташа жөндеу, 0,5 млн. теңге - ағымдағы жөндеу), соның есебінен 20 млн. теңге республикалық бюджетке аударылды,

Үстіміздегі жылы автомобиль жолдары комитеті арасындағы келісім бойынша «ҚазжолҒЗИ» АҚ республикамыздың 13 облысындағы 1262 км жол мен 250 көпірді диагностикадан өткізді. Зерттеу нәтижелері бойынша мәліметтерді Банкке енгізу, паспорт және ақаулар ведомосін шығарудан бастап, автожолдардың көлік-пайдалану жағдайын бағалауға дейін бағдарламалық құралдар кешені әзірленді.

Лабораториялық зерттеулер негізінде Астана - Қостанай - Челябі автомобиль жолында Жапонияда шығарылған жаңа модификациялаушы қоспасы (TPS-F, Super plast) қолданылып, тәжірибе учаскесі (380 м) салынды.

Жер төсемі мен жол қабатының су және жылу жағдайын зерттеу, жол құрылысына әр маркалы автокөліктердің қиратушылық әсері бар қозғалыстың құрамы мен қарқындылығын тереңдете зерттеу мақсаттарында Астана - Бурабай автомобиль жолында тұнғыш рет датчиктер қолданды.

Кеңейтілген кеңесті қорытындылай келе, көлік ведомствосының басшысы Ә.Құсайынов үстіміздегі жылы республикамыздың жолшылары айтарлықтай жұмыс атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар, толықтай шешілмеген, оның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша мәселелер бар екенін ескертті.

Біріншіден, бұл белгіленген жоспарды орындау, немесе басқаша айтқанда, бөлінген қаржыны толықтай және уақытылы игеру қажет. Сондай-ақ, ерекше бақылауға алынатын мәселелер қатарында - жерлерді сатып алу кестесінің орындалуы мен аталған жұмыс барысында кездескен кемшіліктерді жіті талдау. Сонымен қатар, топырақ кеніштерін беру мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бойынша нақты ұсыныстар жасау қажет.

Автомобиль жолдары комитетіне контракттық міндеттемелердің орындауын жіті талдау жасап, қабылданған міндеттемелерді сапасыз және уақытында орындамаған мердігерлік және еншілес мердігерлік компаниялармен келісімдерді бұзу тапсырылды.

Мердігерлік ұйымдарға инерттік және құрылыс материалдарын әзірлеу жұмысын қыс уақытында ширату тапсырылды, өйткені, темір жолда бұл кезеңде қажет жылжымалы құрамды барынша мол беруге мүмкіндік туады. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын темір жол вагондарымен қамтамасыз ету кестесін жасап, мамыр айына дейін жол бойына материалдарды тасымалдаумен айналысу керек.

2011 жылдың жоспарында тек қана «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша ұзақтығы 1000 км жол жамылғысын төсеу жоспарланып отыр. Сондықтан, барлық мердігерлік компаниялар, инженер қызметтері, облыстық департаменттерге жүктелген міндеттемелерді орындау мақсатында жұмыстардың барлық ірілі-уақты мәселелерді қамтитын кесте әзірлеу қажет.

Жасалған жұмыстардың сапасы жайында айта келе, министр Ә.Құсайынов жобаны іске асыруға тартылған әрбір қатысушыға жеке жауапкершілік жүктелетіндігін атап өтті.

Келер жылы да «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» нысаны негізгі жоба болып қала береді. Бұдан тыс, Астана - Қостанай, Орал - Ақтөбе, Көкшетау - Петропавл, Омбы - Майқапшағай, Таскескен - Бақты автомобиль жолдары және басқа да маңызды жобаларды аяқтауға бар күшті салу қажет.

Жиналыс автомобиль жолдары саласының озат қызметкерлерін «Құрметті жолшы», мақтау грамоталарымен және алғысхаттармен мадақтау рәсімімен аяқталды.