деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Анықтама: Қазірігі уақытта жоба бойынша құрылыс жұмыстары Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ұзақтығы 1 715 км 34 учаскеде жүргізілуде. Жобада 23 бас мердігер және 80 еншілес мердігер ұйымдары, 35 мыңнан астам адам жұмыс атқаруда, 6 мың техника, 30 асфальт-бетон, 24 цемент-бетон зауыттары және 32 уатқын құрылғы жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары негізінен кестеге сай жүргізілуде. Бүгінгі күнге 19,2 млн. куб м жер төсемі (жылдық жоспардың 74% ), 550 км шағылтас негізі салынған (75%), 522 км жол төсемі (70%), оның ішінде 135 км цемент-бетон (68%) төселген.
Кеңес қорытынды бойынша ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеев бірқатар тапсымалар берді, оның ішінде көлік жіне коммуникация министрлігіне мердігерлік келісім-шарттар шеңберінде жұмыс жүргізу кестесінен қалып қойған мердігерлік компанияларға өтімді шаралар қолдануды; мұнай және газ министрлігіне «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»жобасын іске асыруға қажетті ЖЖМ-ға (дизельдік отын) квота бөлу мәселесін қарастыруды; көлік және коммуникация министрлігіне және облыс әкімдіктеріне жер телімдерін сатып алу жұмыстарын ширатуды тапсырды.