Көлік жолдары әлеуетін арттыру Қазақстанды экономикалық жедел өсімге жетелейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңде өткізген ««Бір белдеу, бір жол»  атты ха­лықаралық ынты­мақтастық фору­мында Қы­тай Халық Рес­пуб­лика­сының Төра­ғасы Си Цзинь­пин Қазақстанның транзиттік тасымалдау әлеуетін ерекше бағалаған болатын.

Елбасының 2015 жыл­ғы Халықаралық Астана эконо­микалық форумында: «Қазір Еуропалық одақ пен Қы­тай арасындағы сауда көлемі 600 мил­лиард дол­ларды құрайды, болжам бо­йынша бұл көрсеткіш 2020 жылға таман 800 миллиард долларға жетпек. Сон­дық­­тан, дамушы Азияға жал­пы алғанда Еуропаға құр­лық жолын дамытудың зор маңызы бар. Нақ осы мәсе­леде біз өзіміз үшін жаңа мүм­кін­дік­терді көреміз. Бұған қоса, дә­лелденгендей, бұл жол те­ңіз жолына қарағанда едәуір - үш есеге дейін қысқа», деген болатын.

БҰҰ сарапшыларының деректері бойынша, 2020 жылы Қытай мен Еуропа ара­сындағы жүк тасымалы бүгінгі таңдағы 117 миллион тонна­дан 170 миллион тоннаға дейін өседі. Бұл өз кезе­гін­де еуразиялық құрлық жолы бо­йынша тасымалданатын транзиттік жүк көлемін есе­­лей арттырады. Осыған бай­ла­нысты Қазақстан мен Қы­тай екі ел шекарасында жылына 40 миллион тонна жүк жө­нел­те алатын темір жол және ло­гистикалық инфрақұрылым қалыптастырды.

Сонымен бір­ге, Қазақстан соңғы жылдары Қы­тай-Еуропа, Солтүстік-Оң­түстік және Транскаспий ба­ғыттары бойынша тиімді жүк тасымалын жүзеге асыратын әлеуетті темір жол желісін тұрғызды.  Соңғы алты жыл ішінде елі­мізде 1 700 шақырым темір жол желісі салынды. Теңіз жолы­мен тасылатын жүк көлемін кө­бейту мақсатында Каспий теңі­­зіндегі Ақтау теңіз айлағы кеңей­­тіліп, Құрық паромдық кеше­­нінің құ­ры­лысы салынды.

Қа­зақ­стан Дү­ниежүзілік эконо­мика­лық фо­румның жаһан­дық бә­се­келестік жөніндегі ин­дексінің рейтингі бойын­ша 2016 жылы инфрақұ­ры­лым­дарының сапасы бойынша әлемде 63-ші орынды иеленді.  Осыған байланысты тәуелсіз Қазақстанның тран­зиттік әле­у­етін арттыру мақсатында да жа­ңа межелер белгіленді.

Осы ретте Мемлекет басшысы Үкі­меттің алдына 2020 жылы транзиттік тасымалды жылдық көлемде мынадай межеге: контейнерлермен тасымалданатын жүкті - 2 миллион контейнерге дейін; әуе көлігімен тасымалданатын жолаушылар санын - 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін, сонымен бірге транзиттік тасымалдан түсетін табысты жылына 4 миллиард долларға дейін арттыру жөнінде кешенді міндет жүктеді. 

«Нұрлы жол» бағдарлама­сының аясында еліміздің жол-көлік логистикасы жүйесіндегі транзиттік әлеуетті одан әрі арт­­тыру мақсатында 16 жоба жү­зеге асырылуда, оның ішін­де 11-і автомобиль жолдарын салу және қайта құру мақ­сатындағы жобалар болып табылады. Өткен жылы елі­мізде 913 шақырым жаңа жол салынып, пайдалануға берілсе, биылғы жылы 600 ша­қы­рымнан астам жаңа жол құ­ры­лысы жүргізілмек. 2016 жылы еліміздің аумағында 2787 шақы­рымға созылған Батыс Еу­ропа - Батыс Қытай тран­зит­тік көлік дәлізі іске қо­сылды.

Еліміздің аумағы бойынша жоғары сапалы автомобиль жолдарын салу бойынша ке­шенді жобалар одан әрі жүзеге асырылуда. Орталық-Оңтүс­тік бағытындағы автомобиль жо­лы бойынша еліміздің оң­түс­тігінен ішінара Ресейдің оң­түс­тік өңірлерін қамти оты­рып, солтүстігіне дейін; Ор­талық-Шығыс бағыты бо­йынша Астанадан басталатын жоғары сапалы автомобиль жолы ішінара Сібір аумағын қамти отырып, Өскеменге дейін; Орталық-Батыс бағыты бо­йынша Астанадан басталатын заманауи автомобиль жолы ішінара Түрікменстан және Ресей, одан әрі Еуропалық одақ елдері аумағын қамти отырып, Каспий теңізіне дейінгі өңір­лерді байланыстыратын болады. 

 «Нұрлы жол» бағдар­лама­сын толық жүзеге асыру арқылы еліміз алдағы әлемде өзіндік орны бар транзиттік хабқа айнал­ды. Көлік жолдары әлеуетін арттыру Қазақстанды экономикалық жедел өсімнің жаңа, жоғарғы деңгейіне шығарады.