«Жыл басынан бері Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен оған бағынышты желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жалпы салмағы 5 тонна 166 келі болатын есірткі затын тәркіледі», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған есірткі заттарының 5 тонна 130 келісі марихуана, 15 келі 525 граммы есірткінің ең ауыр түрі героин және 17 келі 153 граммы гашиш болған. Сонымен қатар есірткі өткізудің 110, контрабанданың 19 фактісін анықтаған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің қызмет көрсету учаскесінде «Кендір-2011» кең ауқымды жедел алдын алу операциясы өткізілуде.