деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, күдікті колледж мемлекеттік емтихан комиссиясы төрағасының орынбасары болып тұрған кезінде 50 мың теңге сомасында пара алған. Ақшаны директордың орынбасарына бітіру мемлекеттік емтихандарын тапсыру және диплом алу кезінде көмек көрсеткені үшін 4-ші курс студенті берген.
Атырау облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ағымдағы жылдың 6 айы ішінде пара алу фактісі негізінде 15 қылмыстық іс қозғады, олардың 12-сі қазір сотқа жіберілді.