Колумбияда екі тікұшақ соқтығысып қалды, адам құрбандары бар

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Колумбияның оңтүстік-шығысында әскери база аумағында екі тікұшақ - әскери және азаматтық тікұшақтар соқтығысып қалды. Апат салдарынан алты адам қаза болды, тағы бес адам жарақаттанды. Қаза болғандардың арасында - Колумбия армиясының Толима провинциясында орналасқан оңтүстік тобының қолбасшысы генерал Фернандо Джойя бар,

деп хабарлайды РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға тікұшақтардың бірі жерге қона бастаған, екіншісі енді көтерілген кезде орын алған.