Қонаевта жабайы сауда үшін 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Фото: Алматы облысының әкімдігі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қонаев қаласының Абай көшесінде бірнеше жылдар бойы жабайы сауда орны болған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, мұнда қазір шаһардың келбетін жақсарту мақсатында сквер пайда болды. Сонымен қатар Workout алаңы салынды.

Фото: Алматы облысының әкімдігі

— Қонаев әкімдігінің 2022 жылғы қаулысымен, «Айша сити» базары стационарлық емес бөлшек сауда орны ретінде белгіленген. Сол себепті енді сатушылар осы базарға барып, кәсіппен айналысуы тиіс. Жәрмеңкелік орындар дайындалып қойған, — деп түсіндірді әкімдіктен.

Жыл басынан бері Қонаевта белгіленбеген орында сауда жүргізген жеке және заңды тұлғаларға 2 562 600 теңге айыппұл салынған.

Еске салайық, бұған дейін Қонаевта заңсыз сауда орындарының орнына саябақ салынатынын жазғанбыз.