Қаза болғандардың көпшілігі әлем чемпионатын тамашалап отырып, үйлерінен шыға алмай қалған. «Қазіргі кезде жүздеген адамдардың қазаға ұшырағаны анық», - деп хабарлады Конго үкіметінің баспасөз хатшысы Винсент Кабанга.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, кемінде 200 адам мерт болды, 100 адам жарақат алды. Өкімет орындары оқиғаның құрбандар саны артуы мүмкін деп атап өтуде.
Ел полициясының мәліметі бойынша, бірнеше адам жағдайды пайдаланып, төгілген бензинді аламыз деп жүргенде қазаға ұшыраған. Олардың арасында адамдарды жанып жатқан цистернаға жібермеуге әрекет жасаған БҰҰ бітімгершілері де бар.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеуде.