Алаңы 60 шаршы метр болатын жаңа ХҚО-да бес терезе: 4 терезе - құжаттарды қабылдау және 1-еуі - құжаттарды беру үшін жұмыс істейді. Бұл жерде мемлекеттік қызметтің толық тізбесі жүзеге асырылады.
Өскеменнің әкімі Ислам Әбішев ХҚО-ны ашу кезінде биліктің міндеті - халықтың талабына көңіл бөлу екенін атап өтті.
Әкім сондай-ақ «Арман» балалар-жасөспірімдер клубында болды. Мұнда спорт және үйірме сабақтарына 300 бала қатысады.