деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Бәстеми Дүйсембаевтың айтуынша, жауынгерлер қарттар үйінде және балалар үйлерінде мұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұрады.
Жамбылдық қарттармен бірге мерекені атап өту үшін «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Әлихан Жарболов келді.
Түрлі концерттік нөмірлермен қатар қарттарға мерекелік дастарқан жайылды.