Аталған шараға орай еліміздің Конституциялық кеңесі төрағасы Игорь Роговтың және «Қазпошта» АҚ-ның басқарушы директоры Андрей Вагнердің қатысуымен алқалы жиын өтті. Шара барысында сөз алған И.Рогов әріптестерімен қатар бүкіл қазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтай келіп, осыдан 5 жыл бұрын Қазпоштамен бірге ел Ата заңының 10 жылдығына арналған алғашқы марканың шығарылғандығын еске сала кетті. «Ол қоғамдық резонанс тудырады деп ойламап едім. Алайда елімізде маркі жинаушылар өте көп екен. Тіпті шетелдік заңгер әріптестерім де хабарласып, марканы қайдан сатып алуға болатындығын сұрады. Шынымен де марка шығару, әсіресе біздің еліміздің негізгі Конституциясының мерейтойына арналып шығарылуы өте байсалды іс-шара, өте маңызды оқиға. 15 жыл тарихи тұрғыда алып қарағанда көп уақыт емес, алайда біздің мемлекетіміз үшін бұл өте үлкен оқиға. Өйткені осы 15 жылдың ішінде Қазақстан толығымен тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде қалыптасты және Мемлекет басшымыздың тарапынан бұл мерекеге ерекше мән берілуі Қазақстанның негізгі заңына деген құрметті білдіреді», деп атап өтті И.Рогов.
Сондай-ақ шара барысында сөз алған А.Вагнер бұл марканың елімізбен қатар әлем елдеріне де тарайтындығын атап өтті. «15 жылдық мерейтойы шынымен де біздің Конституциямыз, республикамыз үшін өте маңызды дата. Сондықтан ҚР Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен аталған пошта маркасы бекітіліп, бүгіннен бастап айналымға енгізіліп отыр», деді ол.
30 мың тарылыммен жарық көрген маркада ұлттық ою-өрнек пен еліміздің Ата заңын айнала желбіреген Мемлекеттік ту бейнеленген. Номиналдық құны 32 теңгелік марка офсетті тәсіл арқылы 4 бояумен айдаршалы перфорацияда орындалған. Авторы - Данияр Мұхамеджанов.