– Болашақ жалған ақпарат таратушылар мен бәлеқорлар (темщик) емеc, технологиялық салада еңбек ететін, кәсіби әрі білімді азаматтарда, - деді Марат Шибұтов.
Саясаттанушының айтуынша, преамбула елдің тарихи тамырын мойындап, архаикалық көзқарастардан бас тартып, әділеттілік, заң мен тәртіп қағидаттарын бекіту арқылы қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтады.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Жандос Өмірәлиев қамауда ұстау мерзімін 48 сағатқа қысқарту ұсынысы қосымша талқылауды қажет ететінін айтты.