13:45, 10 Сәуір 2009
Кооператив қамқор қолын созды
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылындағы ?Қызылқұм? селолық тұтынушылар кооперативі көптеген игілікті істерге ұйытқы болып келеді, деп
хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Құрылым өткен жылы жергілікті тұрғындардың бастамасымен құрылған. Оған мүшелікке 80 адам тартылған. Кооператив алғашқы жұмысын елді мекенді көркейту-көгалдандыру шараларынан бастады. Олар қолдағы төрт техникамен 60 адамның бақшалық жерін өңдеп берді. Биыл кооператив көмегіне сүйенушілердің қатары артып отыр. Енді сегіз шақырымға созылып жатқан су арнасын тазалау ісіне көңіл бөлінбекші. Кооператив басшысы Ақтай Хайруллаевтың айтуынша, қосалқы бөлшектер мен жанар-жағар майға демеушілер тарапынан қолдау жасалуда. Ал жұмыс жүргізуге мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.