Көп балалы аналарды әрдайым ескеріп отырған Елбасына алғысымыз шексіз

ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Көп балалы аналарды әрдайым ескеріп отырған Елбасына алғысымыз шексіз, дейді БҚО-ның Бөрлі ауданында тұратын Ұлшат Қиянова,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өзі жеті бала тәрбиелеп өсірген.

Бөрлі ауданы әкімдігінде осындай 20 анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» тапсыру рәсімі болды. Марапатты табыс еткен аудан әкімінің орынбасары Талғат Сыдықов өзінің де он баланың бірі екенін, мұндай құрмет-қамқорлықтың көп балалы аналарға жасала беретінін атап өтті.