АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпен Әмірбек «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі болып бекітілді. Бұл туралы аталған кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов мәлім етті.
«Біздің кеңестің атынан сізге жемісті жұмыс тілейміз. Сонымен қатар бізге «Ара» журналымен тығыз өзара іс-қимылды орнату керек», - деді Қ. Сүлейменов.
Көпен Әмірбек - саяси-қоғамдық сатиралық «Ара.kz» журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің төрағасы.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.