Өрт бес сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖД Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметтің 21 адамы мен 8 техникасы, ҚР ТЖМ Шұғыл құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Жалынның салдарынан үйдің 1 қабатында орналасқан 3 пәтер зақымданды. 50 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 6-уы, оның ішінде бір бала құтқарылды. Өрт орнында 50-55 жастардағы ер адамның (жеке тұлғасы анықталмаған) мәйіті табылды.