Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,98 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,98 теңгені, ал сауда көлемі 44 мың 100 долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,01 теңгеге арзандап, ал сессия көлемі 48 мың 650 теңгеге азайды.