11:56, 07 Сәуір 2009
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 151,05 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 151,05 теңгені, ал сауда көлемі 100 000 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,03 теңгеге арзандап, ал сессия көлемі 45 070 мың долларға артты.