Корея Президенті 2011 жылы Қазақстанда VII қысқы Азия ойындарының табысты өтуін тіледі

p; Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бак 2011 жылы Қазақстанда ұйымдастырылатын VII қысқы Азия ойындарының табысты өтуін тіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келесі жылдың ақпан айында Қазақстанда VII қысқы Азия ойындары өтетін болады. Мен Азиаданың табысты өтуін тілеймін және қысқы Азия ойындарының табысты өтуі Азия халықтары арасындағы келісімді нығайтуға және халықаралық аренадағы Қазақстанның мемлекеттік мәртебесінің көтерілуіне мүмкіндік беретініне сенімдімін», деді Ли Мен Бак бүгін Сеулде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткізген келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.