Атап айтқанда, Қазақстанның батыс өңірінде «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеруі аяқталды.
«Бұл тексеруге Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері қатысты. Тексерудің аяқтау кезеңінде Қарулы Күштердің тарихында алғаш рет С-295 әскери-транспорттық және Су-27 жойғыш ұшақтары Маңғыстау облысында орналасқан автокөлік жолдарының аэродром учаскесіне қондырылды. Аталған шара құрлық және әскери-теңіз топтары әскерлерінің қызметін қамтамасыз ететін Әскери-әуе күштері бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру аясында жүзеге асырылды», - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Маңғыстау облысындағы «Ақтау-Жаңаөзен» автожолына әскери ұшақ қонды.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алтын жебе» оқу-жаттығу аясында әскери ұшақ жолға қондырылды.