Қорғаныс министрлігі БҰҰ миссиясына бітімгерлер қашан жіберілетінін нақтылады
«Қазіргі уақытта барлық дайындық жұмыстарын аяқтап келеміз. Жоспарымызға сәйкес, біздің ротаны аталған миссияға алдағы қараша айына дейін жібермекпіз», - деді Т. Мұхтаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында
Оның сөзіне қарағанда, БҰҰ тәртібіне сәйкес, бітімгершілік операцияларына қатысушы құрамдар алты ай сайын ауысады.
«Сондықтан әрбір 6 алты ай өткенде біз ротаның жауынгерлерін ауыстырып тұрамыз», - деп нақтылады министрдің орынбасары.
Талғат Мұхтаровтың атап өтуінше, бүгінде «Қазполк» БҰҰ стандарттарымен дайындықтан өтті. «Қазполк» әскери қызметшілері ағылшын, түрік, неміс және араб тілдерін емін-еркін меңгерген. Сонымен бірге, теориялық және тәжірибелік дайындықтары түрлі байқаулар, семинарлар мен оқу-жаттығулармен шыңдалды», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 15 маусымда Парламент Президенттің 40 офицерді БҰҰ миссиясына жіберу туралы ұсынысын қолдады.
Қазақстанның 120-ға жуық әскери қызметшісі Ливандағы миссияға қатысады.
БҰҰ миссиясында Қазақстан бітімгерлеріне төленетін еңбекақы мөлшері белгілі болды.