Коронавирус Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ғана анықталды

НҰР-Сұлтан. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елімізде 9 азаматтың ПТР-тесті оң нәтиже көрсетіп, коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметке қарағанда, Қазақстан аумағында осы қауіпті індетті жұқтырғандар саны 1 305 440-қа жетті.

«Өткен тәулікте сырқатқа шалдыққандардың 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 7-еуі Алматы қаласында тұрады», - делінген ведомствоның хабарламасында.