Бұл жайлы бүгін қала әкімдігінде өткен жиын барысында шаһар басшысы Жақсылық Омар мәлім етті.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, коронавирустың таралуына жол бермес үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, бизнес өкілдеріне дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жайлы кеңес берілді. Барлық мәдени-көпшілік шаралар, спорттық сайыстар кейінге шегерілді. Көпшілік орындардағы балалар ойын алаңдары жабылды. Сондай-ақ 13 наурыздан бастап білім беру мекемелеріндегі үйірмелер, қосымшалар тоқтатылды», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын жария еткен болатын.