Коронавирустан емделіп жатқан 199 адамның жағдайы нашар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қарашаға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 975 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 822 бала бар.

Стационарларда 3 294 науқас жатыр. 8 681 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 199 адамның ахуалы нашар.

Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған.

31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.