Қоршаған ортаны қорғау министрі мен оның орынбасарларына бюджет қаржысын жымқырды деген қорытынды айып тағылды ? қаржы полициясы

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сәуірдің 20-сы күні Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы министрі Нұрлан Ысқақов пен оның екі вице-министріне соңғы қорытынды, қызмет бабын теріс мақсаттарға пайдаланып, мемлекет бюджетінен 1 миллиард 172 миллион теңге ұрлады деген айып тағылды.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметтеріне қарағанда, сондай-ақ «Меркурий плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Жайылғановқа да мемлекет бюджетіне қол сұқты деген айып тағылып отыр. Қазіргі таңда осы қылмыстық іске қатысты айыпталушыларға қатысты материалдар тексерілуде. «Яғни, осы материалдар жан-жақты толық қарастырылып біткен соң ол прокуратура органдарына жолданады», деді ресми өкіл.