Осыдан бұрын хабарланғандай, табиғат қорғау прокуратурасы «BasselGroup LLS» ЖШС-нің қызметіне тексеріс өткізу барысында қоршаған ортаға тиісті рұқсатсыз эмиссия жасау (зиянды қалдықтармен қоршаған ортаны ластау) деректері анықталған болатын.
Сот шешімімен «BasselGroup LLS» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылып, оған 221 млн. теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы тағайындалған.
Атқарушылық өндіріс аясында қолданылған прокурорлық қадағалау шараларымен тағайындалған әкімшілік айыппұл сомасы толық көлемде өндірілді.